Үшеуі – бала: Алматы облысында 4 адам газдан уланып қалды

0
502

4 қаңтарда Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне орталық аудандық ауруханадан Кеген ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйде 4 адамның көміртегі тотығымен уланғаны туралы хабарлама келіп түскен.


Үшеуі – бала: Алматы облысында 4 адам газдан уланып қалды

ERNUR.KZ. Алматы облысында жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу салдарынан 4 адам газдан уланды, деп жазады ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтарда Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне орталық аудандық ауруханадан Кеген ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйде 4 адамның көміртегі тотығымен уланғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Мән-жайларды анықтау үшін шақырту орнына дереу Кеген ауданының ТЖБ қызметкерлері жіберілді. Анықталғандай, бітелген мұржаның салдарынан қатты отынмен жылытуды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғандықтан, 1997 жылы туған әйел және 2019, 2020 және 2022 жылы туған 3 бала көміртегі тотығымен уланған. Олар орталық аудандық ауруханаға жатқызылды, жағдайлары орташа дәрежеде.

Айта кету керек, Алматы облысының ТЖД қызметкерлері 2022 жылғы 9 желтоқсанда осы көппәтерлі тұрғын үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынама таратқан болатын. Дәл сол күні Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық ауруханасына Пресновка ауданындағы жеке тұрғын үйдің ыс тиген 1956 жылғы иесі түсті. Әйелдің қатты отынмен жылытылатын пештің түтінденуі салдарынан уланғаны анықталды. Егжей-тегжейлі тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзушылықтар анықталған.

Түтін құбыры, түтін мұржасы, жылыту пешінің элементтері жылыту кезеңінің басында және оның барысында тазаланбаған. Пеш жарамды есіктермен жабдықталмаған, жанғыш конструкциялардан қашықтық нормалары қамтамасыз етілмеген.