Сондай-ақ, ол утильалым саясатының өзгеруі шетелде өндірілген көліктің бағасына неге әсер етпейтінін түсіндірді.
ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі утилизация алымының өзгеруі көлік бағасын арзандатпайтынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Утиль алымдарын алып тастаса, көлік бағасы төмендей ме деген сұрақ жиі қойылып жүр. Статистикаға жүгінейікші, өзімізден шыққан көліктерге бір тиын да утилизациялық алым төленбейді. Былтыр 105 043 жеңіл көлік сатылса, оның 64 пайызы өзіміздің өнім болғандықтан, утилизациялық алым төленген жоқ. Трактордың 89 пайызы, комбайндардың 88 пайызы, автобустардың 74 пайызы өзімізде шыққан. Сол себепті өзімізден шығатын өнімдердің бағасына утилизациялық алымның ешқандай әсері болмайды. Яғни, баға сол күйінде қалады», - деді ол Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде.
Сондай-ақ, ол утильалым саясатының өзгеруі шетелде өндірілген көліктің бағасына неге әсер етпейтінін түсіндірді.
«Шетелден келетін көліктердің бағасын да ертеңінде түсіреді деп айтуға еш негіз көріп отырған жоқпын. Мысалы, жол талғамайтын қымбат көлік әкелсе, өз қалтасына салатын құны өседі де, халық үшін арзандамайды деп ойлап отырмын», - деді министр.