Үйі су астындағы қалған баланың әкесін жұбатқан сөзі елдің жүрегін езді (видео)

0
1 474

ERNUR.KZ.Ел қаһарлы қыстан аман шықтық деп етек-жеңін енді жинамақ болып жатқанда, Шығыс Қазақстан облысында орын алған су тасқыны тұрғындарды төбеден жай түсіргендей кейіпке ендірді.


Үйі су астындағы қалған баланың әкесін жұбатқан сөзі елдің жүрегін езді (видео)

ERNUR.KZ.Ел қаһарлы қыстан аман шықтық деп етек-жеңін енді жинамақ болып жатқанда, Шығыс Қазақстан облысында орын алған су тасқыны тұрғындарды төбеден жай түсіргендей кейіпке ендірді.

Әп-сәтте бірнеше үй судың астында қалып, халық жүріп- тұрудан қалды. Құдды бір Венецияны еске түсіретін бұл апаттың салдарынан үйлер шыдас бермей, қабырғалары опырылып түскен. Елдің үрейін алған тасқын кезінде үйі судың астында қалған кішкентай балақайдың әкесін жұбатып жатқан сәтінің видеосы ғаламторды шарлап кетті. «Ештеңе етпейді...Жөндеп аламыз, иә, әке?» деп әкесіне жұбату аятпақ болған балақайдың бұл әрекеті қазақстандықтардың жүрегін елжіретіп жіберді. Бұл жағдай Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында орын алған.

Видеоны көрген желі қолданушылары тасқынның зардабын тартқан тұрғындардың тілеуін тілеп, жергілікті билікті сынның астына алды.

«Бекем болыңыздар. Балақай жарады, әкесіне жұбату айтып отырған түрінен сол», «Қандай ақылды бала», «Бәрі аман-есен болса екен», «Алла жәрдемші болсын», «Не деген сұмдық? Төтенше жағдай қызметі қайда? Әкім қайда? Халықпен бірге болуы керек емес пе?», «Ел болып көмектесу керек», "Біздің билік тірелген кезде емес, алдын ала осындай тасқындарға дайын болу керек қой" деп жазды отандастарының жағдайына алаңдаушылық танытқан желідегілер.

Ақпарат ретінде айта кетейік, күні кеше тосыннан келген апат орнына аймақ басшысы Даниал Ахметов арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Тасқыннан зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде 50 млн теңге бөлінетін болды. Тасқын салдарынан 8 үй құрдымға кетіп, 10 апаттық жағдайға түскен. 148 үйге су кіргені анықталды. Дегенмен бұл нақты қорытынды емес. Мамандар су астында қалған үйлер саны мен шығын көлемін әлі де анықтап жатыр.

Фото, видео: @oskemenlive парақшасынан алынды