Құжат 17 қазаннан бастап күшіне енеді.
ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетті вакцинацияның жұмысқа жіберу шарты ретінде бекітті, деп жазады ҚазАқпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуы (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» толықтырулар енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.
Құжат 17 қазаннан бастап күшіне енеді.
Бұйрық бойынша коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін күндізгі режимдегі жұмысқа тек COVID-19-ға қарсы вакцина алған қызметкерлер жіберілетіні айтылған. Ал вакцина алмағандар ПТР тестілеудің теріс қорытындысы немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы, коронавиурспен ауырып жазылғанына 3 ай толмағаны туралы медициналық анықтама болған жағдайда ғана жұмысқа жіберілмек.