Вакцинацияға eGov mobile арқылы жазылуға болады

0
1 540

​Вакцинация паспорты препараттың екі компонентін салдырғаннан кейін ғана ашылады.


Вакцинацияға eGov mobile арқылы жазылуға болады

ERNUR.KZ. Коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келетін азаматтар eGov mobile арқылы кезекке тұра алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

«Енді вакцина салдыруға алдын ала жазылу eGov mobile қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде техникалық мәселелердің бәрі шешілді. Денсаулық сақтау министрлігінен келісім алған соң бірнеше қалада пилоттық режимде іске қосамыз»,– деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша ПТР-тест нәтижесі мен вакцинация паспорты деген түсінікті бөліп қарастыру маңызды. Себебі eGov mobile-да тест нәтижесі де көрсетіледі.

«Ал вакцинация паспорты вакцинаның екі компонентін салдырғаннан кейін бірақ ашылады», – деді Бағдат Мусин.