Сурет: ҚР Сенат баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. 2024 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстанға ресми сапармен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко келді, деп жазады zakon.kz.
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Валентина Матвиенконың келіссөздері нәтижесінде бірқатар келіссөздерге қол қойылатындығы белгілі болды.
- Парламент Сенаты мен Федералдық Жиналыстың Федерация Кеңесі арасында 2025-2027 жылдарға арналған Парламентаралық ынтымақтастық жоспары;
- Парламент Сенатының Аппараты мен Федералдық Жиналыстың Федерация Кеңесінің Аппараты арасында Ынтымақтастық туралы келісім.