Вьетнам мен Таиландқа демалуға барған үш қостанайлыққа маймылдар шабуыл жасады

0
202

Рудныйдың үш тұрғыны демалыс кезінде маймылдардың шабуылына ұшырады.


Вьетнам мен Таиландқа демалуға барған үш қостанайлыққа маймылдар шабуыл жасады

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Вьетнам мен Таиландқа барған қостанайлық үш тұрғын демалу кезінде оларға маймылдар шабуыл жасады. Жарақат алған жолаушылар елге оралғаннан кейін құтырмаға қарсы вакцина алып жатыр, деп жазады stan.kz.

Мәліметтерге сенсек, Рудныйдың үш тұрғыны демалыс кезінде маймылдардың шабуылына ұшырады. Қазір олар құтырмаға қарсы екпе алып жатыр. Қостанай облысының тұрғындарына маймылдар Вьетнам мен Таиландта саяхаттау кезінде шабуыл жасаған. Рудный ауруханасының жарақат бөлімінде демалыстан оралғандар арнайы вакцинаның курсын алып жатыр.

Толық курс бес екпеден тұрады және оны тістегеннен кейін 28 күн ішінде аяқтау қажет. Көбінесе туристер маймылдармен суретке түсуге тырысқан кезде шабуылға ұшырайды. Сондықтан Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде туристерге жарқыраған бұйымдарды алып тастауды, телефондар мен фотоаппараттарды алысқа қоюды ескертіп отырады. Өйткені олар маймылдардың назарын аударады.

Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулез бойынша эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Әсел Баймұхамбетова қалай сақтану керек екенін айтты.

"Маймылдар шабуыл жасаған жағдайда, тырналған немесе сілекей тиген жараны жедел түрде сумен және сабынмен кемінде 15 минут бойы жуу қажет. Кейін алғашқы медициналық көмек пен вакцинация курсын алу үшін травматология пунктіне жүгіну керек. Бізге тәулік бойы, тәуліктің кез келген уақытында хабарласуға болады, вакцинация тегін", – деді бөлім басшысы.