Күдіктінің жанында, яғни көлік ішінде тағы екі күдікті болған.
Сурет: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Алматыда бопсалау күдігімен өзін блогер ретінде таныстырған ер адам ұсталды, деп жазады zakon.kz.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 37 жастағы қазақстандық жәбірленушіден 700 мың теңге талап еткенін, болмаса өзі түсірген видеоны әлеуметтік желіге салатынын айтып, оны қорқытқанын нақтылайды.
"Күдікті 6 желтоқсанда кешке қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды. Арнайы операцияға ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, сондай-ақ өзіндік қауіпсіздігі басқармасы қызметкерлері қатысты", - деді полициядағылар.
Күдіктінің жанында, яғни көлік ішінде тағы екі күдікті болған. Блогердің көмекшілері қылмысқа қатысқан деп көрсетіледі. Олардың іс-әрекеттеріне алда құқықтық баға беріледі. Блогер уақытша ұстау изоляторына қамалды.