Вирус жұқтырған адаммен байланыста болғаныңды хабарлайтын қосымша іске қосылды

0
1 632

Қосымша «Сақ бол» деп аталады.


Вирус жұқтырған адаммен байланыста болғаныңды хабарлайтын қосымша іске қосылды

ERNUR.KZ. Елде вирус жұқтырған адаммен байланыста болғаныңды хабарлайтын қосымша іске қосылды. Қосымшаның қызметі туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, қосымша «Сақ бол» деп аталады.

Ол әлемдік тәжірибеде қолданылатын мобильдік қосымшалардың бірі. Негізгі мақсаты вирус жұқтырушылармен байланысты анықтау.

Ол қалай жұмыс істейді? Егер тұрғындардың барлығында осы қосымша жүктелген болса, жақын қашықтықта ұялы телефондары Bluetooth-дың кездейсоқ идентификаторларымен алмасуына мүмкіндік береді. Мысалы ол адам науқастанып, ПТР-тестін тапсыратын болса, ол туралы ақпарат қосымшада болады. Егер ол белгілі бір ортадағы адамдармен байланысса, маңайындағы қосымшасы барларға «Сен сол ортада болдың. Мүмкіндігінше тезірек коронавирусты анықтайтын тестті тапсыр, өйткені осындай уақытта вирус жұқтырған адамның жанында болдың» деген мақсаттағы ескерту хабарлама алады, - деп түсіндірді министр.

Бірақ нақты кімнен коронавирустың анықталғандығы айтылмайды. Барлығы анонимді түрде хабарланады. Министр «Сақ бол» мобильді қосымшасы - коронавирустың алдын алу үшін өте тиімді құрал екенін атап өтті.