Ақау бүгін жойылады.
ERNUR.KZ. Бүгін Алматыда AlmaTV қолданушыларының көбі интернетсіз қалды. Себебі серверге вирустық шабуыл жасалған, деп жазады Tengrinews.kz.
Вирустық шабуыл салдарынан желі істен шыққаны айтылады.
"Нәтижесінде абоненттеріміздің көбі интернетсіз қалды. Қазіргі уақытта интернетті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Компания кешірім сұрайды", - делінген хабарламада.
Компания өкілдерінің айтуынша, ақау бүгін жойылады.