Владимир Путин Қазақстанда қамауға алына ма: СІМ өкілі жауап берді

0
839

Халықаралық қылмыстық соттың Путинді қамауға алуға ордер бергені 17 наурызда белгілі болды.


Владимир Путин Қазақстанда қамауға алына ма: СІМ өкілі жауап берді

ERNUR.KZ. Халықаралық қылмыстық сот Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер берді, деп жазады tengrinews.kz.

Сыртқы істер министрлігінің жауабына сәйкес, Владимир Путин Қазақстанға келесі сапары кезінде қамауға алынбайды.

"Біз Рим статутына қол қойған жоқпыз және ратификациялаған жоқпыз. Жарғы Қазақстанға қатысты емес және ол бойынша міндетіміз жоқ", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Халықаралық қылмыстық соттың Путинді қамауға алуға ордер бергені 17 наурызда белгілі болды.