Жаңа жаңартуға сәйкес, аватар жасау және өңдеу құралдары баптаулар бөлімінен алынып тасталады.
Сурет: wabetainfo
Жаңа жаңартуға сәйкес, аватар жасау және өңдеу құралдары баптаулар бөлімінен алынып тасталады. Дегенмен бұрын жасалып, сақталған аватар стикерлері қолжетімді болып қала береді.
WhatsApp өкілдерінің мәліметінше, бұл шешім пайдаланушылардың аталған функцияға қызығушылығы күткен деңгейден төмен болуына байланысты қабылданған, деп жазады WABetaInfo.
Өзгерістер біртіндеп енгізіледі. Пайдаланушылар аватар бөліміне кірген кезде, егер функция өшірілген болса, енді оны өңдеу мүмкін еместігі туралы ескерту шығады.
Кейіннен аватар функциясы толықтай жойылады. Сондай-ақ чаттарда аватарды стикер ретінде пернетақта арқылы жіберу мүмкіндігі де тоқтатылады.
Айта кетейік, бұған дейін WhatsApp 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап кейбір Android нұсқаларына қолдауды тоқтататыны хабарланған болатын.


