Whatsapp желісінде тегін бензин туралы хабарлама тарады

0
882

Ол үшін сайттағы сауалнамадан өту керек.


Whatsapp желісінде тегін бензин туралы хабарлама тарады

What ‘sApp мессенджерінде қазақстандықтар Helios жанармай құю желілерінен 150 литр бензинді тегін алуға болатыны туралы сілтемемен бөлісуде. Ол үшін сайттағы сауалнамадан өту керек. Жанармай құю станциясы желісінің өкілдері мұндай шара туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.




Helios жанармай құю станциялары желісінің ресми сайтында да, олардың Instagram-дағы ресми аккаунтында да 150 литр бензинді тегін алуға болатын акция туралы хабарландырулар жоқ.

"Бұл жалған ақпарат. Мұндай хабарламалар туралы мәлімет келіп түсті, біз оны дереу теріске шығардық", – делінген ЖҚС желісі өкілдерінің жауабында.

Қазнетте мазмұны ұқсас хабарлама бұған дейін де тараған болатын. Ағымдағы жылдың 13 наурызында ЖҚС желісінің ресми Instagram-аккаунтында оны жоққа шығаратын ақпарат жарияланған.

"Helios-тың бұл хабарламаға қатысы жоқ. Барлық шаралар туралы ақпарат www.helios.kz ресми сайтында және @helios_kz instagram парақшасында ғана жарияланады. Сілтеме арқылы өтпеулеріңізді және хабарламаны таратпауларыңызды сұраймыз", – делінген мәтінде.

Алаяқтар қазақстандықтарды танымал брендтердің атынан бұған дейін дейін де алдап келген. Олар сауалнамалардан өткені үшін қымбат жүлделер бермек болады. Біз мұндай хабарламалар туралы жазған болатынбыз.

Алаяқтар көп жағдайда осындай «сауалнамалар» арқылы желі пайдаланушыларының жеке деректерін ұрлайды. Бұл фишинг деп аталады. Бұл неге қауіпті және кибер алаяқтарды қалай тануға болатындығы туралы мына жерден оқуға болады.

Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті

Қазақстанда интернет-алаяқтар белсенді әрекет етуде. Олар адамдарды алдау үшін көбінесе фишингтік сайттар жасайды. StopFake.kz алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдары туралы айтып береді. Фишинг дегеніміз не? Фишинг – бұл интернеттегі алаяқтық болып табылатын әлеуметтік инженерияның бір түрі. Оның мақсаты – желі пайдаланушылары туралы құпия ақпаратты – жеке аккаунттардың логиндері мен парольдерін, жеке деректерді, төлем карталарының деректерін білу.