Онда бизнес, туризм және шығармашылық салалардан барлығы 150-ден астам өкіл жиналған.
фото: Посольство России в Казахстане
ERNUR.KZ. 26-28 маусым аралығында Якутск қаласында Астананың мәдениет күндері өтті, деп жазады sputnik.kz.
Шарада концерттік бағдарламалар, көрме, спорттық және іскерлік іс-шаралар ұйымдастырылды.
"Саха (Якутия) Республикасының басшысы Айсен Николаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен және Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевпен кездесу өткізді. Қонақтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан барша якутиялықтарды ұлттық мерекемен құттықтады", - делінген хабарламада.
Кездесу барысында Якутия үкіметі мен Астана әкімдігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – цифрлық технологиялар саласындағы бастамаларды жүзеге асыру.
Мәдени бағдарлама аясында қазақ және якут ұлттық дәстүрлерін үйлестіретін гала-концерт болды.
Республикаға бизнес, туризм және шығармашылық салалардан барлығы 150-ден астам өкіл жиналған.