Қазақстанда жеке тұлғаларға берілген кредит 11,63 трлн теңгеге дейін артқан. Ал заңды тұлғаларға берілген кредит азайып, 7,89 трлн теңгені құрап отыр.
ERNUR.KZ. Осылайша, экономикаға кредит беру көлемі 2022 жылдың мамырында 0,6%-ға ұлғайып, 19,52 трлн теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz.
Биылғы мамыр айында ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 1,5%-ға 17,9 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Ал шетел валютасындағы кредиттер көлемі 8,4%-ға 1,61 трлн теңгеге дейін төмендеді. Бұл теңгенің айырбастау бағамының нығаюымен тығыз байланысты. 2022 жылғы 1 маусымда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 91,7 пайызды құрады.
2022 жылғы мамырда 1,84 трлн теңгеге жаңа кредиттер беріліп, алдыңғы аймен салыстырғанда 2,1%-ға азайды.
Осы жылғы мамыр айының қорытындысына сәйкес, өнеркәсіп саласына берілген кредит – 33,6%-ды, сауда – 22,8%-ды, құрылыс – 8,1%-ды құраса, көлік саласына – 5,9%-ы тиесілі. Басқа салаларға берілген кредит көлемі 29,6 пайызды құрайды.
"2022 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,8%-ды (2022 жылғы сәуірде – 15,2%), жеке тұлғаларға – 17%-ды (2022 жылғы сәуірде – 17,3%) құрады. 2022 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 3,6%-ды (2022 жылдың басында – 3,4%) құрады", – деп жазылған ведомство сайтында.
Заңды тұлғалардың портфелінде ШОБ-ты есепке алғанда 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 3,6%-ды (2022 жылғы 1 қаңтарға – 3,4%) құрады. Жеке тұлғалардың портфелінде – 3,8% (2022 жылғы 1 қаңтарға – 3,5%) болды.
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 74,9%-ды құрады.