Қылмыскер бір ай бұрын ер адамның қарындасын зорлады деп күдікке ілінген.
Фото: Telegram-арна Молодой Кабылтаев
ERNUR.KZ. Алматы облысы Талғар қаласында ер адамды атып өлтіріп, екі жасар қызын ұрлап кетті, деп жазады stan.kz.
Адвокат Гаухар Сариеваның айтуынша, қылмыскер бір ай бұрын ер адамның қарындасын зорлады деп күдікке ілінген. Ол көлікке техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері. Бір ай бұрынғы іс бойынша полиция ешқандай шара қолданбаған.
Адвокаттың айтуынша, екі күн бұрын ол күйеуімен бірге күдіктіні ұстап, полицияға тапсырған. Алайда келесі күні ол бостандыққа шыққан. Осыдан кейін ер адам Сариеваның әпкесіне қоңырау шалып, қорқыта бастаған. Ақыры ол қыздың ағасының үйіне барып, оны атып, екі жасар баланы алып кеткен.
Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының полиция департаментінен мән-жайды сұрадық. Алайда әлі жауап ала алмадық.