Екеуі де оқиға орнында қайтыс болды.
фото: Sputnik / Стрингер
АЛМАТЫ, 6 қыркүйек - Sputnik. Солтүстік Қазақстанда екі полиция қызметкері жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Екеуі де оқиға орнында қайтыс болды.

фото: Sputnik/Айдана Дайырова
"Қызметтік борыштарын атқару кезінде жол-көлік оқиғасында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Владимир Синицын мен полиция аға лейтенанты Дәулетхан Қазыхан қайтыс болды", - деп хабарлайды ведомство.
Ішкі істер министрлігі қаза тапқан қызметкерлердің отбасына барлық қажетті көмекті көрсетеді, дейді департамент.
Олардың мәліметінше, екеуі екі көлікті тізгіндеген. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр.