Заңсыз иемденілген 2 трлн теңге мемлекетке қайтарылды – Асылов

0
159

Қазір Бас прокуратура комитеті 18 млрд теңгеден аса сомаға 7 әлеуметтік жобаны іске асыру туралы келісімдер жасасқан.


Заңсыз иемденілген 2 трлн теңге мемлекетке қайтарылды – Асылов

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Бүгінгі таңда шамамен 2 трлн теңге болатын заңсыз иемденілген активтер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов Егемен Қазақстан газетіне берген сұхбатында айтты, деп жазады sputnik.kz.
"Активтерді қайтару жұмысы заң қабылданғанға дейін басталғанын білесіздер. Бүгінгі таңда активтер шамамен 2 трлн теңге сомасында қайтарылды", - деді ол.
Бас прокурор үкімет жанындағы комиссия отырысында активтерді қайтару субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық қаласында 120 орындық дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда 400 орындық ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығы құрылысы мақұлданғанын еске салды.
Қазір Бас прокуратура комитеті 18 млрд теңгеден аса сомаға 7 әлеуметтік жобаны іске асыру туралы келісімдер жасасқан. Сондай-ақ үкімет Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облысының Темірлан ауылында музыка мектебін, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша мен Атырау облысының Жамансор ауылында мектеп салу туралы шешім қабылдады.