Бұл өзгерістерді қабылдау, ауыстыру және қалпына келтіру процестерін Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.
ERNUR.KZ. Әскери білім және ғылым департаменті «Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын әзірледі, деп жазады baq.kz.
Нормативтік құқықтық акт «Білім туралы» ҚР Заңының 5-1-бабы 9) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес әзірленді.
Бұл өзгерістерді қабылдау, ауыстыру және қалпына келтіру процестерін Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет e-Gov порталы арқылы өтінім беру бойынша көрсетілетін болады, ол пайдаланушылардың уақытын үнемдеп, оны орындауда бюрократиялық факторларды болдырмайды.