Зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы сомасына келіспесе не істейді?

0
771

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен қасіретті қаңтар кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлеудің іс-қимыл алгоритмі дайындалған.


Зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы сомасына келіспесе не істейді?

ERNUR.KZ. Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов кәсіпкерлерге өтемақы төлеу механизмін түсіндірді, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен қасіретті қаңтар кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлеудің іс-қимыл алгоритмі дайындалған.

Өтемақы төлеу алгоримті Infokazakhstan.kz, Атамекен палатасының және әкімдіктердің сайтында жарияланады. Алгоритм бойынша біріншіден Оңайтылған механизммен, яғни сот сараптамасын жүргізбестен үш түрлі залалды өтейміз. Мәселен, ғимараттар бойынша техникалық зерттеу актісі, қалпына келтіру шығыстар сметасы негізінде өтеу сомасы есептеледі. Ал, көлік жабдықтарында бағалау туралы есеп негізінде есеп айырысады. Тауарлық материалдық құндылықтарда орташа айлық айналымы бойынша мемлекеттік кіріс органдары бізге мәлімет береді, яғни соңғы жылдағы айналым есептеледі,-деді Қошмамбетов.

Екінші механизм – сот сараптамасының қорытындысы негізінде жасалатын өтемақы. Яғни ғимараттар, көлік және тауарлардың өтеу сомасы сот сараптамасы негізінде жасалады.

Сонымен қатар ол зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы сомасымен келіспеген жағдайда не істейтіннін айтты.

Зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы сомасына келіспейтін болса, онда соманы анықтау Қылмыстық процесуалдық кодекс негізінде жүргізіледі. Яғни тергеушіге жүгінуі тиіс және арнайы сот-сараптамасы тағайындалады,-деді ол.