Жарылыс салдарынан өрт шыққан.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысына қарасты Шемонаиха қаласында жанармай құю бекетінде газ жарылыс болып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға бүгін, яғни 22 маусымда қаладағы Украинская көшесінде орналасқан газ баллондарына жанармай құю станциясында болған.
«Жарылыс салдарынан өрт шықты. Өрт салдарынан 5 бірлік техника жойылды. Сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді», - делінген шұғыл хабарлаимада.
Өрттен тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп төнген жоқ.
Өрт ошағын сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам жұмылдырылды.