Зейнетақы жинағын алған алматылық азамат баспаналы болды

0
2 525

Зейнетақы қаражаттын бірнеше мақсатта пайдалануға рұқсат етілді


Зейнетақы жинағын алған алматылық азамат баспаналы болды

ERNUR.KZ. Алматыда зейнетақы жинағындағы қаражатқа пәтер сатып алу басталды, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Ипотекалық бағдарламалардың бірі аясында зейнетақы жинақтарын пайдалану арқылы алғашқы келісім жасалды. Алматы тұрғыны БЖЗҚ-дан бастапқы жарна ретінде қаражатты пайдаланып, ипотекаға пәтер сатып алды», - делінген «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ хабарламасында.

Компания өтінім беруден бастап кілттерді алуға дейінгі бүкіл процесс 7 жұмыс күнін алғанын атап өтті.

23 қаңтардан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын ішінара/мерзімінен бұрын өтеуге алуға рұқсат етілген шектен тыс немесе «7-20-25» және «Баспана хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша бастапқы жарна ретінде пайдалана алады.

Ол үшін не істеу қажет:

  • БЖЗҚ-дан алуға рұқсат етілген соманы (онлайн режимде) білу;
  • Уәкілетті банк-операторлардың бірінде арнайы шот ашу (онлайн режимде);
  • enpf-otbasy.kz бірыңғай оператор порталында Зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтініш беру; (онлайн режимде);
  • Порталға қажетті құжаттарды жүктеу (онлайн режимде).

Еске салайық, 3 ақпанда зейнетақы жинағынан ипотека рәсімдеген алғашқы қазақстандық белгілі болды. Шымкент тұрғыны зейнетақы жинағының бір бөлігін бастапқы жарна ретінде пайдаланған.