Қазақстанда жаңа жеткілікті шек мөлшерлемесі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
ERNUR.KZ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2025 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың жеткілікті шек мөлшерлемесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда жаңа жеткілікті шек мөлшерлемесі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, 2025 жылға арналған жеткілікті шек өзгерген жоқ (2023 және 2024 жылдар деңгейінде қалды - еск.) және жасына байланысты 3-тен шамамен 10 миллион теңгеге дейін болады. 20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш 3 миллион 260 мың теңгеге, 30 жастағы адамдар үшін - 4 миллион 580 мың теңгеге, 40 жастағы адамдар үшін - 6 миллион 100 мың теңгеге тең.