Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес 10% мөлшерінде салық салынады.
ERNUR.KZ. Зейнетақы жинақтары сомасының бір бөлігін алу кезінде қазақстандықтар соманың 10%-ын салық түрінде төлеуге міндетті, деп жазады stan.kz.
Қолданыстағы Салық кодексіне, атап айтқанда, 320-баптың 1-тармағына сәйкес, салық төлеушінің табысына, осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістерді қоспағанда, 10% мөлшерінде салық салынады.
Дәл осындай шарттар қайтыс болған туысқандарынан зейнетақы салымдарын мұраға алу кезінде, сондай-ақ басқа елге тұрақты тұруға кетіп, Қазақстан азаматтығынан шыққан адамдарға зейнетақы ақшасын алу кезінде қарастырылған.
Мысалы, 1 миллион теңгені алу кезінде ЖТС түрінде 100 мың теңге төлеуге тура келеді.