Бұл өзгеріс тек алдағы төлемдерге қатысты.
Ulysmedia коллажы
ERNUR.KZ. 2026 жылдан бастап қазақстандықтар барлық түрдегі зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын төлемейді. Бұған біржолғы жинақты шешіп алу, оны баспанаға немесе емделуге пайдалану да кіреді, деп жазады Ulysmedia.kz.
Алайда бұрын бюджетке төленген салықтар қайтарылмайды. Бұл өзгеріс тек алдағы төлемдерге қатысты.
Әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Олар 882 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы зейнетақы төлемінен табыс салығын шегере алады. Бұл топқа кіретіндер:
- І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар;
- Мүгедек баланы бағып отырған ата-ана немесе қамқоршы;
- Баланы асырап алғандар, балалар үйінен шыққан жетімдерді қамқорлығына алғандар;
- Соғыс ардагерлері.
Егер осы санаттағы азаматтар бұрын біржолғы төлемнен табыс салығын бірден төлеп қойған болса, үш жыл ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өтініш беріп, құжаттарын тапсыру арқылы қайта есептеу мен өтемақы ала алады.
2026 жылға дейін біржолғы төлемдерден табыс салығы ұсталды. Ол екі жолмен төленетін: ақшаны алған сәтте бірден немесе кейін төлем кестесіне сәйкес.


