"Зейнеткерлерге 300 мың теңге жәрдемақы беріледі" – желіде жалған ақпарат тарады

0
643

YouTube арнада алаяқтар сайтқа кіруді сұрайды.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде 300 мың теңге көлемінде зейнетақы төленетіні жөнінде жалған ақпарат тарап жатыр, деп жазады zakon.kz.

Алматының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, YouTube арнада алаяқтар сайтқа кіруді сұрайды.

"Назар аударыңыз, ақпарат шындыққа жанаспайды және интернеттегі алаяқтық белгілері бар", – делінген хабарламада.