Жабайы өсімдік түрлерін пайдаланушылар салық төлейді

0
1 393

Төлемақы мөлшерлемелерін республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары белгілейді.


Жабайы өсімдік түрлерін пайдаланушылар салық төлейді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп жазады Inbusiness.kz.

Жабайы өсімдік түрлерін пайдаланушылар келесі жылдан бастап салық төлейді. Төлемақы мөлшерлемелерін республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары белгілейді.

Салық заңнамасына енгізілген өзгерістеріне сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап орманды пайдаланғаны үшін төлемақы жаңа ережелермен толықтырылып, орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы болып қолданысқа енгізіледі.

Мәселен, егер қазіргі уақытта мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (оның ішінде дәрілік өсімдіктер, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер) аумағындағы объектілерге ғана салық салынатын болса, келесі жылдан бастап салық салу объектілеріне осы аумақтан тыс жерде жиналатын өсімдіктердің жабайы түрлері де енгізілген.

Мемлекеттік орман қоры аумақтарынан және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жиналатын фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық қажеттіліктер үшін өсімдіктердің жабайы түрлері бойынша төлемдер өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ретінде қаралады және өсімдіктердің жабайы түрлерін дайындау (жинау) кезінде алынады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) өсімдіктердің түрлерін, өсімдіктердің жабайы түрлерін жинаудың бір килограмы үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілейді, сондай-ақ төлемақы сомасын есептейді.

Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдалану құқығы жабайы өсімдіктерді дайындау (жинау) туралы төлемақы төленген және хабарлама жіберілген жағдайда беріледі.

Өсімдіктердің жабайы түрлерін дайындауды (жинауды) жүзеге асыратын тұлғалар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жылдық төлемақы сомасынан тең үлестермен өсімдіктерді дайындап, жинаған орны бойынша бюджетке төлемақы төлейді.

Төлемақы бойынша салық есептілігі ұсынылмайды.