Жағдайлары ауыр: әскерде жүрген 16 сарбаз өкпесіне суық тигізген

0
473

Сарбаздар Талдықорған әскери госпиталіне орналастырылды.


Жағдайлары ауыр: әскерде жүрген 16 сарбаз өкпесіне суық тигізген

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Жетісу облысында 18404 Жетісу гарнизонының әскери бөлімін медициналық тексеру кезінде суық тиген 16 адам анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомствода мерзімді сарбаздар Талдықорған әскери госпиталіне орналастырылғанын хабарлады.

«Мерзімді қызметтегі бір әскери қызметші «Полисегментті пневмония» диагнозымен көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Жағдайы тұрақты – ауыр. Өмірге қауіп жоқ. Емдеу толық көлемде қабылданады. Үй-жайларды дезинфекциялау жүргізілді. Әскери бөлімнің барлық жеке құрамының денсаулық жағдайына бақылау күшейтілді. Практикалық көмек көрсету үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталінің және Алматы қаласы ҚР Қарулы Күштерінің санитарлық-эпидемиологиялық орталығының мамандары жіберілді», – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі бұл факт бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын нақтылады.