Соңғы тәулікте Орал өлшеуіш стансасында су деңгейі 24 сантиметрге көтерілген.
ERNUR.KZ "Қазгидромет" мәліметінше, 21 сәуір күні сағат 08.00-де Орал өлшеу стансасындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі 852 сантиметрді құраған. Ал қауіпті деңгей – 850 сантиметр, деп жазады Stan.kz.
Өзендегі ағып келіп қосылып жатқан судың жалғасып жатқаны атап өтілді. Соңғы тәулікте Орал өлшеуіш стансасында су деңгейі 24 сантиметрге көтерілген. Бір күн бұрын, 20 сәуірде бұл көрсеткіш 34 сантиметрді құраған.
Январцево ауылындағы бақылау-өлшеу станциясында жексенбі күні Оралдағы су деңгейі 902 сантиметрді құрап, тәулігіне үш сантиметрге артқан.
Оралдағы судың айтарлықтай көтерілгені Көшім және Тайпақ ауылдарындағы бақылау-өлшеу бекеттерінде де байқалды – онда бір тәулікте су сәйкесінше 29 және 10 сантиметрге көтерілген. Су деңгейі бүгінде Көшім ауылында 833 сантиметр, Тайпақ ауылында 514 сантиметр, шекті деңгейі 850 сантиметрді құрап отыр.
Чувашинское кентіндегі бақылау-өлшеу бекетіндегі Шаған өзеніндегі су деңгейі 731 сантиметр, қауіпті деңгейі 1280-1300, бір тәулікте 18 сантиметрге артты.
Айта кетейік, кейінгі мәліметтер бойынша Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5,8 мыңнан астам жеке тұрғын үй және 1350 аула әлі су астында қалып отыр. 9,8 млн текше метр су сорылған. Су тасқыны аймақтарынан 116 мың эвакуацияланған.