Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері жалған ПТР-тестті қолдану фактісін анықтады, деп жазады zakon.kz.
Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың шілде айында аталған азамат ақшалай сыйақы беру арқылы белгісіз тұлғалардан қаланың зертханаларының бірінің атынан рәсімделген теріс нәтижесі бар тестті үш рет сатып алған.
ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей, 32 жастағы күдіктінің бұл әрекеттері ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі бойынша-көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сараланды. Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде сот үкімімен ер адамға айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Полиция департаменті жалған құжаттарды қолдан жасағаны және сатқаны үшін ҚР ҚК-нің 385-бабына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Ол бойынша жаза 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.