Жамбыл облысында ауыл әкімі тұрғындардың сынынан кейін қызметінен босатылды

0
2 436

Бектөбе ауылының тұрғындары әкімнің жұмысына 0 балл қойған.


Жамбыл облысында ауыл әкімі тұрғындардың сынынан кейін қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Бектөбе ауылының тұрғындары оның жұмысын сынап тастағаннан кейін қызметінен босатылды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Сапарбаев халықпен тиімді кері байланыс орнату бойынша жұмыс ел Президентінің тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.

"Тұрғындардың біздің жұмысымызға берген бағасы маңызды. Қойылған міндетті орындай алмаған әкімдер жауапкершілікке тартылады. Мысалы Бектөбе ауылының тұрғындары есептік кездесуде Қаратөбе ауылдық округі әкімінің жұмысын сынға алды. Нәтижесінде ол қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, ақпан айының басында "Хабар 24" телеарнасы Бектөбе ауылының тұрғындары әкімнің жұмысына 0 балл қойғанын хабарлаған болатын. Тұрғындар ауылды алты жылдан бері басқарып келе жатқан әкім өңірдің дамуы үшін ештеңе істемегенін айтқан. Тұрғындар жер беру және сумен қамтамасыз ету мәселелеріне шағымданған еді.