Жамбыл облысында Балқаш көліне 35 жастағы азамат батып кетті

0
895

Мойынқұм ауданында Балхаш көліне шомылған 35 жастағы тұрғын суға батып кетті.


Жамбыл облысында Балқаш көліне 35 жастағы азамат батып кетті

ERNUR.KZ. Қайғылы жағдай 23-ші маусым күні кешкісін болды, деп жазады ktk.kz.

Оқиға орнында шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізген облыстық төтенша жағдайлар департаментінің мамандары 24-маусым күні түс ауа тұрғынның мәйітін судан шығарған. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың 23-маусымында сағат 18:30-да Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылынан 2 шақырым қашықтық аумақта Балқаш көлінің шомылуға арналмаған бөлігінде 1984 жылы туған азамат шомылу барысында суға батып кеткен. Азамат жеке құтқару құралдарынсыз болған. Мәйіт ТЖД-нің жедел құтқару жасағының 5 қызметкер және 1 жүзу құралының көмегімен табылып, судан шығарылды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Мамандар суға шолмылғанда арнайы ережені сақтауды және барынша сақ болуға шақыруда.