Жамбыл облысында ер адам өзгей қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды

0
287


Жамбыл облысында ер адам өзгей қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында 10 жастағы баланы өлтірді деген күдікпен өгей әкесі ұсталды, деп жазады Stan.kz.

Алдын ала деректерге сенсек, қайғылы оқиға өңірде бала асырап алған отбасылардың бірінде болған. Аталған отбасыда тағы төрт асыранды бала бар. Ал балаға көз жұмғанға дейін де қатігездік көрсетілген деген болжам бар.

Жамбыл облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.

“Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу жан-жақты, объективті және толық көлемде өтеді”, — делінген хабарламада.