​Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан трансұлттық ҰҚТ-тың жолы кесілді

0
2 034

Ұсталғандардан бағасы 3 млн теңгені құрайтын сирек кездесетін 11 келі есірткі тәркіленді.


​Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан трансұлттық ҰҚТ-тың жолы кесілді

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жол кесілді, деп жазады Zakon.kz Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ведомства өкілдерінің хабарлауынша, соңғы алтый бойы Жамбыл облысы ПД ҰҚТК басқармасының қызметкерлері Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде есірткі заттарын тасымалдаумен және өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты анықтау барысында қарқынды жұмыс жасалған. Шара барысында есірткі саудасына қатысы бар тұлғалар анықталып, құрықталды

"19-қаңтар күні Жамбыл облысы ПД ҰҚТК, ЕСКБ, КПБ және ҚР ҰҚК ШҚ "Оңтүстік" Аймақтық Басқармасы қызметкерлерінің кәсіби жұмыстарының арқасында Жуалы ауданы мен Астана қаласында сегіз адамнан құралған топ тұтқындалды. Жедел-іздестіру шарасының барысында салмағы 11 келі тартатын өте сирек кезедесетін марихуанна есірткі заты (үнді кендір шөбі) анықталып, тәркіленді. Аталған есірткі Қырғызстанның аумағында 3 000 000 теңгеге сатып алынған, әрі одан үш еседен аса пайда көру көзделген", - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Жамбыл облысының Полиция департаментімен ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағының 1 бөліміне сәйкес сот алды тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.