Жамбыл облысында ислам діни бірлестігінің ғимараты өртенді

0
649

Ғимараттағы өрт жөндеу жүргізіп жатқан кезде шықққан.


Жамбыл облысында ислам діни бірлестігінің ғимараты өртенді

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданындағы ислам діни бірлестігінің ғимараты өртенді, деп жазады ҚазАқпарат.

«20 тамыз күні сағат 17: 38-де ТЖД кезекші қызметіне Т.Рысқұлов ауданының Жарлысу ауылындағы өрт туралы ақпарат келіп түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық ислам діни бірлестігі филиалының 1 қабатты ғимаратындағы өрт жөндеу жүргізіп жатқан кезде шықққан».

ТЖД мәліметінше, өрт аумағы 90 шаршы метрді шарпыған. Ғимараттың қабырғалары рама, шатыры мембрана жабыннан жасалғаны белгілі болды.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Өрт сөндіршілердің болжамынша, отты абайсыз қолданудан нысан өртеніп кеткен.