Жамбыл облысында көлік жүргізушісі 50 шақты қойды қағып кетті

0
750

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 35 қой өлген.


Жамбыл облысында көлік жүргізушісі 50 шақты қойды қағып кетті

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында көлік жүргізушісі 50 шақты қойды қағып өлтірді, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 9 қыркүйекте таңертеңгі сағат 8 шамасында "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тасжолының 325-шақырымында орын алған. 25 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны "Hyundai Solaris" маркалы автокөлігімен Алматы қаласынан Тараз қаласы бағытында келе жатып, жол үстін кесіп өтпек болған қойларды абайсызда қағып кеткен.

“Жол-көлік оқиғасы салдарынан 35 қой өліп, 15 мал жараланған. Автокөлік жүргізушісі түрлі жарақатпен Меркі аудандық орталық ауруханасына жүгінді. Көлік айыптұраққа қойылды”, – дейді Меркі аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Сәбит Мамытбеков.