Жамбыл облысында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салынады

0
305

Жобаны Жамбыл облысының Сарысу ауданында Жаңатас қаласынан 18 шақырым жерде іске асыру жоспарлануда.


Жамбыл облысында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салынады

ERNUR.KZ. "Мемсараптама" РМК Жамбыл облысы Жаңатас қаласында күкірт қышқылын өндіру зауытының құрылысы" жобасы бойынша оң қорытынды берді, деп жазады baq.kz.

Жобаны Жамбыл облысының Сарысу ауданында Жаңатас қаласынан 18 шақырым жерде іске асыру жоспарлануда.

Жарияланған учаскенің жалпы ауданы 127 гектарды құрайды. Жобада Қазақстанда химиялық тыңайтқыштар өндірісінің қажеттіліктері үшін қажетті қуаттылығы жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіру қарастырылған. Жоба аясында барлығы 19 ғимарат пен құрылыс қаралды, - делінген ақпаратта.

Ауқымды жобаның инвесторы – минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі «ЕвроХим» компаниясы. EPC мердігері China National Chemical EngineeringGroup, қосалқы жобалау бойынша мердігер «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС Инжиниринг компаниясы»ЖШС.