Жүргізуші мен жолаушылар қазақстандықтар емес, көрші мемлекеттің азаматтары.
ERNUR.KZ. Жамбылдық полицейлер көлігін "тапшанға" айналдырған азаматты анықтады, деп жазады sputnik.kz.
Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Абайлаңыз, балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде ГАЗель автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік ішінен "тапшан" тапқан.
"Салон ішінде 12 жолаушы болды, оның 5-еуі бала. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі және 590-бабы 7-бөлігі "Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Азаматтың Қазақстан Республикасында төленбеген бірнеше айыппұлы бар болып шықты және автокөлікті айдауға сотпен тыйым салынғандығы анықталды", - дейді Жамбыл облысы ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы Дәулетбек Жанғабылов.
Жүргізуші мен жолаушылар қазақстандықтар емес, көрші мемлекеттің азаматтары.
"Олар Ресейге табыс табу үшін бара жатыр екен. Олардың заңсыз қайта жабдықталған көлікпен осындай алыс жолға шыққанда не ойлағаны белгісіз. Ең бастысы, біз, дер кезінде тоқтатып, жауапсыз әрекеттің алдын алдық. Автокөлік айып тұрағына қойылды", - деді Дәулетбек Жанғабылов.