Алматыда тауға шығып үсіп қалған екі турист құтқарылды

0
55

Олар 2600 метр биіктікте суыққа ұрынып, тоңған соң төменге өздігінен түсе алмаған.


Алматыда тауға шығып үсіп қалған екі турист құтқарылды

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Алматы тауларында суыққа ұрынып, өздігінен төмен түсе алмаған екі турист құтқарылды. Шетелдік 2 жігітке Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері көмек көрсетті, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға Қарасай ауданында болған. 2003 және 2004 жылы туған екі жас жігіт 2 600 метр биіктіктегі "Терра" алаңы маңында жүрген. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты олар таудан өздігінен түсе алмаған.

Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының қызметкерлері туристерді экологиялық бекетке дейін алып түсті. Оларға медициналық көмек қажет болмаған. Кейін екеуі үйлеріне өз бетімен кеткен.

ТЖМ өкілдері тауға шығар алдында маршрутты жоспарлап, ауа райы болжамы мен күннің бату уақытын ескеруге шақырды.