Жамбыл облысында сарбаздың өлімі: заңгер этиканы бұзды деп айыпталды

0
747

20 қаңтарда әскерге шақырылушының өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша заңгер Сержан Пірәлиев баспасөз конференциясын өткізген.


Жамбыл облысында сарбаздың өлімі: заңгер этиканы бұзды деп айыпталды

ERNUR.KZ. Сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық істің егжей-тегжейін айтқан адвокат этиканы бұзды деп айыпталды, деп жазады tengrinews.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 20 қаңтарда әскерге шақырылушының өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша заңгер Сержан Пірәлиев баспасөз конференциясын өткізген.

"Пірәлиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпаратты айтып, қылмыстық істің деректерін жария етті. Сонымен бірге ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылғы 19 тамызда атыраулық әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Қызылқоға ауданы Миялы ауылының 18 жастағы тумасы Бекбол Мираш Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жатқан. Ал марқұмның туыстары өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Кейін қыркүйекте сарбаздың өліміне қатысты күдікті ұсталғанын хабарладық. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.