Жамбыл облысында тас жолда бірнеше көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты

0
386

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.​


Жамбыл облысында тас жолда бірнеше көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолында бірнеше көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам ауруханаға жатқызылды, деп жазады Zakon.kz.


Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қажетті жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде.Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды", делінген полиция хабарламасында.

Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарға ауа райын бақылай отырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қырағы болу қажеттігін де ескертеді.