Жылқылардың өлексесі тас жолдың бойында қан-жоса болып шашылып жатыр.
иллюстрациялық фото
Жамбыл облысында 12 бас жылқыны мерседес көлігі қағып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
Бәрінің өлексесі тас жолдың бойында қан-жоса болып шашылып жатыр.
Қынадай қырылған жылқыны жеңіл көлік қағып өткен. Полицияның мәліметінше, Меркі ауылының тұрғыны малын арнайы өткелден емес, жолдың үстімен үйіне қарай айдап келе жатқан. Сол кезде Таразға қарай жүйіткіген «Мерседес» көлігі үйір жылқыны байқамай екпінмен келіп соғыпты.
Көлік жүргізушісі жеңіл жарақатпен құтылды. Қазір аталмыш іс мұқият тексеріліп жатыр. Ал малдың иесі жылқыларынан айырылып қана қоймай, әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.