Жамбыл облысында жұбайына қайта-қайта қоңырау шалған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

0
104

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады.


Жамбыл облысында жұбайына қайта-қайта қоңырау шалған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

фото:stan.kz.

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында жұбайының мазасын алып, қайта-қайта қоңырау шалған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп жазады stan.kz.

Мойынқұм аудандық сотының мәліметінше, 2026 жылдың маусымында азаматша Д. полицияға қоңырау шалып шағымданған. Айтуынша оның заңды жұбайы С. тұрғылықты жеріне келіп, оған бірнеше рет қоңырау шалып, осылайша тыныштығын бұзған. Өз әрекеттерімен С. тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларынан кейін сол айда берілген қорғау нұсқамасын бұзған.С. атты азамат қорғау нұсқамасын бұзып, жұбайына хабарласа берген.

Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК 461-бабының 1-бөлігі). Кінә тараптардың айғақтарымен, хаттамамен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

“Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Сот кінәні мойындауын және жасаған ісіне өкініш білдіруін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот қаулысымен С. әкімшілік кодекстің 461-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне ендіі”, – делінген хабарламада.