Жамбыл облысындағы колония қызметкерлеріне шабуыл: зардап шеккендер жансақтауда жатыр

0
467

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен екі адамның жағдайы орташа, біреуі тұрақты екенін атап өтті.


Жамбыл облысындағы колония қызметкерлеріне шабуыл: зардап шеккендер жансақтауда жатыр

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілі Таразда колонияда зардап шеккен қызметкерлердің жағдайы туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, 1 тамызда сағат 8.39-да жедел жәрдем станциясына ҚАЖ департаментінің ТЖ-158/7 мекемесінен қоңырау түскен. Мекемеге екі жедел жәрдем бригадасы барған. Мекеменің медицина қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсеткен. Кейін олар облыстық ауруханаларға жеткізілген.

"Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр. Олар шұғыл түрде Тараз қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оларға бірден ота жасады, - деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен екі адамның жағдайы орташа, біреуі тұрақты екенін атап өтті.

Еске салайық, 1 тамызда сотталушы Жамбыл облысындағы колония әкімшілігінің қызметкерлеріне шабуыл жасаған болатын. Оқиға облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде таңғы тексеру кезінде болған.