Жамбыл облысындағы стансада екі локомотив соқтығысты

0
123

Оқиға маневрлік жұмыстар кезінде болған.


Жамбыл облысындағы стансада екі локомотив соқтығысты

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы Жаңатас теміржол стансасында болған ірі оқиға туралы ақпарат тараған еді. Мәліметке сәйкес, локомотивтер бетпе-бет соқтығысып қалған, деп жазады inbusiness.kz.

Тараған ақпаратта стансадан шығып бара жатқан екі секциялы магистральдық 2ТЭ10М тепловозы "ҚТЖ"-ның маневрлік тепловозымен соқтығысқаны айтылған. Маневрлік локомотив бес жүк вагонын, яғни дизель отыны тиелген цистерналарды әкеле келе жатқан.

Оқиғаның ресми нұсқасын "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Компанияның мәліметінше, бұл жағдай маневрлік жұмыстар кезінде болған.

"5 наурызда Жамбыл облысындағы Жаңатас стансасында маневрлік жұмыс барысында "Жаңатас Су-Жылу" КМК-ның кірме жолына мазут тиелген бес вагонды беру кезінде Жамбыл локомотив депосының маневрлік локомотив машинисі "КАП Логистик" ЖШС-нің жеке кірме жолындағы локомотивпен қатты соқтығысуға жол берген. Қаза тапқандар жоқ", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.