Жамбыл облысының 7 мың адамына смс жібермей қойған «112» қызметінің басы дауға қалды

0
150

​Іске табиғатты қорғау прокуратурасы араласқан.


Жамбыл облысының 7 мың адамына смс жібермей қойған «112» қызметінің басы дауға қалды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы 7 мыңнан астам адам «112» қызметінен смс ала алмай қалған. Бұған аймақтағы прокутатура араласып, 7860 абонет енді төтенше жағдай туралы ескерту алып отыратын болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дәлірек айтсақ, Жамбыл облысының табиғатты қорғау жөніндегі арнаулы прокуратурасы төтенше жағдай қызметінің жұмысына тексеру жүргізген.

«Тексеру барысында «112» кезекші-диспетчерлік қызметі Жамбыл облысында ауа райы, су тасқынының қауіпі туралы смс-ті «IZI» және «Forte Mobile» ұялы операторларын қолданатын 7 мыңнан астам адамға жібермей қойған. Осылайша, осы адамдардың құқықтарын бұзып, өміріне қауіп төндірген. Іске прокурорлар араласқан соң, 7 860 абонентке енді «112»-ден смс келетін болды», - деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.