Олардың екеуі балалар.
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында екі отбасының 6 адамы газдан уланып қаза болды, деп жазады inform.kz.
Жамбыл облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қазан күні сағат 07:40 шамасында Жамбыл ауданы, Қызылшарық ауылында жеке тұрғын үйде, алдын ала болжам бойынша, табиғи газбен жанатын пештің сөніп қалуы салдарынан 3 адам газдан уланып қалған. 1963 жылы туған үй иесі мен оның 1988 жылы туған ұлы оқиға орнында көз жұмды, ал 2007 жылы туған немересі ауыр халде ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ 16 қазан күні Т. Рысқұлов ауданы, Жарылсу ауылында жеке тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша, газ плитасынан газ тарап, үй иелері 1967 және 1975 жылдары туған ерлі-зайыпты және олардың 2011 және 2019 жылы туған балалары уланып көз жұмды.
Екі қайғылы оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі осы деректерге қатысты «Адам өлімі» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.