Жамбылда шенеуніктердің кесірінен 156 жетім бала үй кезегіне тұрмаған

0
890


Жамбылда шенеуніктердің кесірінен 156 жетім бала үй кезегіне тұрмаған

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының прокуратурасы әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж 350-ден астам азаматтың құқығын қорғады, деп жазады inform.kz.

Жамбыл облысының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 356 азаматтың, оның ішінде 156 жетім баланың тұрғын үй құқығын қорғады.

Тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жалдамалы тұрғын үй үшін төлемді негізсіз жоғарылату, пәтер беру кезінде кезек сақтамау және т. б. фактілері анықталды.

Мысалы, Байзақ ауданында 2014 жылдан бері 65 баланы қамқоршылары баспанаға кезекке қоймаған.

Прокурорлық ден қою шаралары бойынша жалдау ақысының құнын жалпы сомасы 1,2 млн теңгеге төмендету арқылы 200 азаматтың құқығы қорғалды, 156 жетім бала кезекке қойылды, оның үшеуі үй алды.

Жыл соңына дейін 66 жетім баланы пәтермен қамтамасыз ету жоспарланған.