Бүгінгі таңда облыстағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жүргендердің 71%-ға жуығы еңбекпен қамтылған.
ERNUR.KZ.Жамбыл облыстық прокуратурасында бизнес өкілдеріне өңірдегі өндіріс орындарының қуаты көрсетілді, деп хабарлайды inform.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара Жамбыл облыстық прокуратурасының бастамасымен, облыс әкімдігі мен облыстық Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылды. 20-дан астам бизнесмен облыста жолға қойылған өндіріс түрлерімен танысты. Прокуратура қызметкерлері нысандар туралы әңгімелейтін видеоны көрсетіп, оларды алудың тәртібін түсіндірді. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу.
Бүгінгі таңда облыстағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жүргендердің 71%-ға жуығы еңбекпен қамтылған.
Атап айтқанда, бөдене өсіруге маманданған «Шукуров» жеке кәсіпорнында 12 адам жұмысбасты болса, «Ырысты» ЖК-да жеті адам киіз үй тоқумен айналысып отыр.
Шара қорытындылары бойынша, 10-ға жуық кәсіпкер түрмеде өндіріс орнын ашуға қызығушылық танытты.