Жамбыл облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері КТҮ-158/1 қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде зират аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған жасырын қойманы анықтады.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп жазады Polisia.kz.
Жамбыл облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері КТҮ-158/1 қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде зират аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған жасырын қойманы анықтады.
Екі оқжатары бар “АКС-74У” автоматы, 9 мм калибрлі “ME-38 Marchal” травматикалық револьвері, 1 жарық-шуылды граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ дәрi, 9 мм калибрлі 38 оқ дәрi, 12 калибрлі 2 оқ дәрi және 5,45 мм калибрлі 8 бос оқ дәрi тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.